microbik.ru
1 2 ... 4 5

Алматы облсы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 220 қаулысына қосымша

«Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ-нің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

1-бөлім. Миссия және көкжиек
Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының (ары қарай - Басқарма) миссиясы – халықтың өмір сүру сапасын арттыруға септігін тигізетін, ұлттық, өңірлік және әлемдік шаруашылық жүйелерінде облыстың тиімді орнығуы үшін стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында қызметтер атқару.

Көкжиек – Алматы облысының бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызмет көрсетулер өндірушісі ретінде қалыптасуына септігін тигізетін, экономиканың тиімді мемлекеттік басқару жүйесі бар сапалы, теңдестірілген өсімі.
^ 2-бөлім. Сәйкес қызмет салаларын (аясын) дамытудың ағымдағы жағдайын және үрдістерін талдау


  1. 1-стратегиялық бағыт

Облыс экономикасының бәсеке қабілетін арттыру
Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізг өлшемдері

ЖӨӨ-нің нақты өсімі 2008 жылғы 3,5%-бен салыстырғанда 2009 жылы 0,4%-ды құрады. Экономика өсімінің жартысана жуығы өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларының жоғары салымдарымен қамтамасыз етілді.

2009 жылы ЖӨӨ құрылымындағы өнеркәсіп үлесі 2008 жылғы 20,5%-дан төмендеп, 19,6%-ды құрады. Республикалық деңгейдегі үлестік салмақ 2008 жылғы 4,2%-ға қарағанда 4,5%-ды құрады.

2009 жылдың қорытындылары негізгі бағыттар бойынша экономикалық өсім қарқының сақталғанын көрсетеді.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі - 230,0 млрд. теңгеге (2008ж. – 187,3 млрд. теңге), өнеркәсіп өнімі 303,2 млрд. теңгеге (2008ж. – 301,7 млрд. теңге) өндірілді.

Жаңа 60 өнеркәсіп объектісі іске қосылып, жұмыс жасап тұрған 16 өндіріс кеңейтілді, қосымша 2509 жұмыс орны құрылды.

^ Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының аясында «IAG – Trade» ЖШС-нің балықты терең өңдеу, «Пеноплекс» ЖШС-нің жылу шығармайтын плиталар өндірісі жобалары, «Line Brew Bottlers» ЖШС-нің бренді сыра шығаратын және «RG BRANDS Kazakhstan» ЖШС-нің алкогольсіз сусындар мен снектер, «ҚазГеоСинтетика» ЖШС-нің геосинтетикалық материалдар шығаратын зауыттары жүзеге асырылды.

Ескелді ауданында қуаты 4,4 МВт Қаратал 3-СЭС-сы іске қосылды.

Облыс экономикасына инвестициялар 27,2%-ға көбейіп, 314,7 млрд. теңгені құрады. 561,4 мың ш.метр тұрғын үй қолданысқа берілді, бұл 2008 жылғы деңгейден 34,5 мың ш.метрге артық.

Мемлекеттік бюджетке түскен кіріс 118,0 млрд. теңгеге жетті, жоспар 112,7%-ға орындалды, оның ішінде жергілікті бюджет бойынша – 110,4%, шығыстар 144,7 млрд. теңгені құрап, 99,6%-ға орындалды.

Халықтың атаулы ақшалай табысы - 24,5%-ға (27338 теңге), орташа айлық жалақы 12,2%-ға көбейіп, қырық мың теңгеге жетті.

Инфляция 105,5%-ды құрады (республикада – 106,2%).

Сонымен қатар, тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемінің - 14,3%-ға, өңдеу саласында – 1,7%-ға, электр қуатымен қамту, газ, бу жіберу және әуе конденсациясы саласында -0,7%-ға, сумен қамту, су құбыры жүйесінде, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау саласында 26,7%-ға төмендей бақалады.

Барлығы 2009 жылы облыста 39214 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақты – 19367, Жол картасы аясында – 19847.

«Жол картасы» аясында облыс бойынша 14,6 млрд. теңге көзделген, оның ішінде республикалық бюджеттен – 9,6 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 5 млрд. теңге (оның ішінде инвестициялық бағыттар бойынша – 12,7 млрд. теңге, әлеуметтік жұмыс орныдарын құру бағдарламасы және жастар тәжірибесі бойынша – 0,7 млрд. теңге, кадрларды даярлау және қайта оқыту бағдарламасы бойынша– 1,2 млрд. теңге).

Төрт инвестициялық бағыт аясында 303 жоба жүзеге асырылды, бөлінген қаражат 100% игерілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына - 7673 адам, жастар тәжірибесіне – 2922 адам, кәсіби дайындыққа 9704 адам жіберілді.

Жұмысшылардың еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қорғауды қамтамасыз ету үшін 68 ірі және 231 орта кәсіпорындармен Меморандумдар жасалды.

Шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландыру үшін 2009 жылы «Даму» қоры екінші деңгейлі 5 банкке 1,5 млрд. теңге бөліп, орналастырды, қаржат толық игеріліп, 58 жоба қаржыландырылды.

Облыстық бюджеттен 550,0 млн. теңге бөлінді, оның ішінде: 300,0 млн. теңге «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-на және 250,0 млн.теңге – «Даму» Қоры» АҚ-на.

Облыс халқын түрлі бағыттар бойынша шағын несиелендіру ұйымдары белсенді түрде несиелендіруде. Есептік кезеңде «KazMicroFinanse» ЖШС-гі жалпы 2457,2 млн. теңге сомасына 12 мыңнана астам несие берді.

Аталған мәселелерді шешу үшін Басқарма қызметінің бірінші стратегиялық бағыты болып экономиканың бәсеке қабілеттілігін арттыру табылады.

    1. ^ Негізгі келелі мәселелерді талдау


Сонымен қатар, қолда бар әлеуетті толық пайдалануға мүмкіндік бермей, облыс экономикасының дамуын тежеп отырған теріс жақтар да бар.

Білім беру саласының теріс жақтары 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейін білім беру қызметімен қамтудың төмендігінен, білім ғимараттарының нақты және рухани тұрғыда айтарлықтай тозуынан, мектепке дейінгі, орта және кәсіби-техникалық білім беру объектілерінің сәйкес құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілу деңгейінің төмендігінен көрінеді.

Өндіріс күштерін орналастырудағы аумақтық теңсіздік, кластерлерді қалыптастыруда қосымша құн тізбегінің өнеркәсіп буындарының болмауы аудандар мен қалалардың біркелкі дамымауын түсіндіреді.

Көптеген кәсіпорындардың заманға сай технологиялық құралдармен жабдықталуының төмендігі және негізгі өндіріс қорларының айтарлықтай ескіруі энергия-, еңбек- және материалдық сыйымдылықтың өсуіне әкеліп, шығарылатын өнімнің бәсеке қабілеттілігін азайтады.

Ауыл шаруашылығында шаруашылықтардың ұсақ тауарлығы және өңделетін жерлер көлемінің аздығы ірі ауқымдағы будандастыру-асыл тұқымдандыру жұмыстарын жүргізуге және ғылыми негізделген егістік айналымын сақтауға, қазіргі заманғы технологияларды, механизациялауды және өндіріс әрекетін автоматтандыруды кеңінен пайдалануға мүмкіндік бермейді.

Суару жүйесінің техникалық жағдайының нашарлауы суармалы алқаптарды оңтайлы пайдаланбауға және ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігінің төмендеуіне алып келді.

Ауыл шаруашылығы техникасының тозу дәрежесі 80%-ды құрайды, бұл еңбек өнімділігінің төмендеуіне, өнімнің өз құнының артуына және бәсекеге қабілеттілік деңгейінің құлдырауына әкеліп соғады.

Облыстың энергетикалық тәуелділігі ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды тежеуде, республика бойынша ең жоғары тарифтердің бірі орын алды (кВт/сағатына 12,04 теңге).

Облыстың жылу-электр станцияларында негізгі және қосымша құралдардың айтарлықтай ескіруі байқалады, электр жүйелеріндегі шығын - 16,1%-ды, жылу жүйелерінде 28%-ды құрайды.

Әлсіз туристік инфрақұрылым, туризм объектілеріне апаратын жолдардың нашар жағдайы, сервистік қызметтердің төмен деңгейі және кәсіби мамандардың жоқтығы облыстың республика экономикасында мамандануының стартегиялық бағытының бірі болып табылатын, туризмің дамуын тежеуде.

Облыста халықтың 70%-дан астамы ауылдық жерлерде мекендейді, бұл халықтың өмір сүру деңгейінің орташа болуын, еңбек әлеуеті біліктілігінің жеткіліксіз деңгейін, ауылдан қалаға жағымсыз көші-қон ағымын білдіреді және ауылдық аумақтарды дамыту баяулайды.


    1. ^ Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.

Сыртқы факторлар
Кеден одағына кіру тауар өндірушілерге өндірілетін өнімді өткізу нарығын кеңейтуге мүмкіндік береді. Қатысушы елдерде кең өткізу нарығын табатын кәсіпорындардың өндіріс көлемін арттыру жоспарлануда. Аккумуляторлар, құрылыс материалдары және т.б. өндірісін арттыру болжануда.

Негізгі сыртқы жағымсыз фактор болып Қытай мен Қырғызстанның жақын орналасқаны, олардың арзан тауарларының ішкі нарықты жаулауы және отандық өнімдерге бәсекелестікті нығайтуы табылады.

Шығарылатын тауарлардың төмен бәсеке қабілеттілігі, жергілікті өндірушілердің өнімдеріне бағаның жоғарылығы ішкі және сыртқы нарықты жоғалтуға әкеліп соғуы мүмкін.

Маңызды факторлардың бірі ішкі тауар айналымының төтенше жоғары қарқынын көрсететін (2009 жылдың қорытындысы бойынша 284,3 млн. АҚШ долл.) және маршруттың бір бөлігі біздің аумаққа тиесілі Жапония, Корея мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен Еуропаға тауар тасымалдауға мүдделі болып отырған Қытайдың үдемелі дамып жатқан экономикасы болып табылады. Бұл облысқа жүк ағымын көбейтуге және транзиттен үлкен кірістер түсіруге мүмкіндік береді.

Ішкі факторлар
Әлемдік нарықта бағаның өсуінен, экономикаға келтірілетін инфляциялық қысым, тұтыну және инвестициялық сұраныстың кеңеюі макроэкономикалық тұрақсыздық қаупін сақтайды.

Мұндай жағдайда экономикалық өсім қозғалысы мен сапасы экономикалық саясат бағыты таңдауға және экономиканы мемлекеттік қолдау дәрежесіне тәуелді болады.

Сыртқы әркеттердің әсеріне ұшыраған экономика секторларын қалпына келтірудің ұзақ тежелуін болдырмау үшін, ағымдағы жағдайда мемлекет тарапынан оларды басқаруға түзетулер енгізу қажет.

Сонымен қатар, ортамерзімді кезеңде инфляцияны тежеу және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау экономика өсімінің жоғары қарқынын сақтау сияқты маңызға ие.

Дамудың сыртқы жағдайының әсерін ескерсек, 2011-2015 жылдары облыс экономикасы төмендегі факторлардың әсерімен дамиды:

қолайлы инвестициялық ахуалды, сондай-ақ шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау арқасында экономиканың түрлі салаларында инвестициялық белсенділікті сақтау, сонымен қатар ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру облыстың экономикалық әлеуетін дамытуда маңызды шарттар болып табылады.

мемлекеттік маңызды инвестициялық жобалар портфелінде қалыптасқан және 2010-2014 жылдарға арналған Индустрияландыру картасына кірген жобалар экономиканы әртараптандыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға септігін тигізеді.

^ 2. 2-стратегиялық бағыт

Мемлекеттік басқару және жоспарлау

жүйесін жетілдіру


    1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі өлшемдері



Бүгінгі күнге, нәтижеге бағытталған мемлекеттік жоспарлау және бюджеттеу жүйесін енгізу жөніндегі нормативтік-құқықтық базаға сәйкес, үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджетті қалыптастыру жүйесі енгізілді.

Осы бағыт аясында Алматы облысының мемлекеттік органдарын функционалдық талдау жүргізу, олардың қызметінің тиімділігін бағалау және мемлекеттік қызметтерді жүйелендіру жоспарлануда.

Қазақстанды 2030 жылға дейін дамыту Стратегиясының кейінгі кезеңін жүзеге асыру мақсатында Елді 2020 жылға дейін дамыту Стратегиясы әзірленді. Алматы облысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы №931 Жарлығына сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың Стратегиялық жоспарлары жүзеге асырылуда, 2015 жылға дейін аумақтық даму бағдарламасы әзірленді.

Осыған байланысты, Басқарма қызметінің екінші стратегиялық бағыты мемлекеттік басқару және жоспарлау жүйесін жетілдіру болып анықталды.


    1. ^ Негізгі келелі мәселелерді талдау


Облыста мемлекеттік жоспарлау жүйесін сәйкесінше жетілдіруді тежейтін негізгі мәселелер жергілікті атқарушы органдар қызметінің мәліметтермен алмасу бөлігінде келіспеушіліктер болып табылады, бұл жалпы сипатқа ие. Жоспарлау функциясын жүзеге асыру әрбір мемлекеттік органның сәйкес саладағы және қызмет түріндегі міндеті болып табылады.


    1. ^ Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.

Сыртқы факторлар
Алдағы ортамерзімді кезеңде фискалдық саясат бір уақытта, экономикалық және қаржы дағдарысының салдарларын өткеру, экономиканың тез қалпына келуін және ары қарай сапалы өсуін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік басқару және жоспарлау жүйесін сауықтыру мен жетілдіру жөніндегі шараларды қамтитын, бағыттар бойынша жүргізіледі.:

- экономиканы қолдау жөніндегі бірінші кезектегі шараларды жүргізу әлеуметтік мәселелерді шешу аясында бұрын қабылданған шараларды жүзеге асыруды жалғастыруды, сондай-ақ халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мен жұмыссыздықтың өсіне жол бермеуді, қаржы секторын тұрақтандыруды көздейді, жағдайға байланысты бюджет саясатын түзейтін, оның ішінде бюджет өлшемдерін нақтылайтын шаралар жедел және бейімді түрде қабылданады.

- бюджеттік жоспарлауды мемлекеттік жоспарлаудың тура тік жүйесіне сәйкес жүзеге асыру: мемлекеттік мақсаттар – мемлекеттік органдардың стратегиялық мақсаттары – тактикалық міндеттері – шаралар – ресурстар – бюджет. Өз кезегінде, бюджет экономикаға оң әсер ететін және қолайсыз ортмерзімді және ұзақ мерзімді салдарларға – инфляцияға, бюджет тапшылығының күрт өсуіне әкеліп соқпайтын оңтайлы шаралар мен бюджет қаражатының көлемін анықтаумен құрылады. Сондай-ақ, 2009 жылы шығыстарды оңтайландыру нәтижесінде қысқарған, бюджеттің ағымдағы шығыстарының өсуін тежеу, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды басталғандарын аяқтау және жаңа жобаларды жүзеге асыруды созбау тәсілімен ретеу көзделуде.

- бюджет аралық қатынастардың тазалығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету;

- аудандар мен қалалардың бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін теңестіру;

- бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру және халықтың қорғалмағын жігін әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз ету;

- негізгі әлеуметтік-экономикалық бағыттар бойынша бюджет шығыстарының нақты басымдықтарын белгілеу, атап айтсақ, білім беру, денсаулық сақтау, сумен қамту, көлік және инженерлік инфрақұрылым саласындағы бағдарламаларды бірінші кезекте және толық көлемде қаржыландыруды қамтамасыз ету.


следующая страница >>