microbik.ru
1


Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 
2012 жылғы 31 тамыздағы 
№ 1119 қаулысымен 
бекітілген 

«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру
ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік
қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер


    

  1. «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар белгілейтін мемлекеттік білім беру тапсырыстары есебінен балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорындар болып табылатын балаларға қосымша білім беру ұйымдарында көрсетіледі.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 1-бабының ^ 38-1)39) тармақшаларына; 4-бабының 19) тармақшасына; 5-бабының 44-5) тармақшасына; 6-бабының 2-тармағының 14) тармақшасына; 6-бабының 3-тармағының 5)10) тармақшаларына; 6-бабының 4-тармағының 5)9) тармақшаларына; 23-бабының 3-тармағына; 26-бабының 12-тармағына; 40-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат балаларға қосымша білім беру ұйымдарында орналастырылған стендтерде, сондай-ақ, білім бөлімдерінің ресми сайттарында және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz сайтында орналастырылады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі қосымша білім беру ұйымына осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес баланың заңды өкілі мен балаларға қосымша білім беру ұйымдарының арасында жасалған шарт негізінде қабылданғаны туралы бұйрық немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет 3 жастан 18 жасқа дейінгі жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтінішті қарастыру 3 жұмыс күнін құрайды (балалардың музыкалық, көркемөнер, шығармашылық және спорт мектептері үшін 15 жұмыс күні);
      2) өтініш иесінің мемлекеттік қызметті көрсету орнында өтінішті берген күні қызметті алу үшін күту (тіркелу кезінде) уақытының барынша ұзақтығы – 30 минуттан артық емес.
      3) өтініш иесінің мемлекеттік қызметті көрсету орнында өтінішті берген күні қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы – 30 минуттан артық емес.
      8. Мемлекеттік қызметті алушы жеке өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызметті өтініш түскеннен бастап 3 жұмыс күні ішінде балаларға қосымша білім беру ұйымдары жұмыстарының белгіленген кестесіне сәйкес жауапты тұлға жүзеге асырады.
      9. Мемлекеттік қызмет жұмыс күндері демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген кестеге сәйкес түскі үзіліспен 9.00- ден 18.00-ге дейін көрсетіледі.
      Алдын ала жазылу және қызметті жедел ресімдеу қарастырылмаған.
      10. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушыларға, оның ішінде даму мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қызмет көрсету жағдайлары қарастырылған балаларға қосымша білім беру ұйымдарының ғимараттарында көрсетіледі.
^

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі


      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы балаларға қосымша білім беру ұйымдарына мынадай құжаттарды тапсыруы керек:
      1) балаларды қосымша білім беру ұйымдарына тіркеу туралы заңды өкілдерінің өтініші;
      2) баланың туу туралы куәлігінің, жеке басын куәландыратын құжатының (бар болған жағдайда) көшірмесі;
      3) бала мен ата-анасының мәліметтері бар сауалнама;
      4) қызмет көрсету талаптары көрсетілген шарт (қажеттілігіне қарай);
      5) қажеттілігіне қарай денсаулығы туралы анықтама (медициналық төлқұжат).
      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі балаларға қосымша білім беру ұйымының фойесінде, сондай-ақ қосымша білім беру ұйымдарының уәкілетті органының ресми сайтында орналастырылады.
      13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар аталған қызметті ұсынуға жауапты тұлғаның кабинетіне тапсырылады.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға өтінішті алу мерзімі мен нөмірі, құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты, қызметті алу мерзімі көрсетіліп қолхат беріледі.
      15. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі туралы ақпаратты алу үшін мемлекеттік қызметті алушы өтініш түскеннен кейін 3 жұмыс күні өткен соң бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жауапты тұлғаға жеке өзі баруы тиіс.
      16. Мемлекеттік қызметті алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды толық ұсынбауы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
^

3. Жұмыс қағидаттары


      17. Қызметті ұсынудың негізгі қағидаттары:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
      2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;
      3) мемлекеттік қызметті алушы белгіленген уақытта алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
      4) мемлекеттік қызметті уақытылы ұсыну;
      5) сыпайылылық және әдептілік болып табылады.
^

4. Жұмыс нәтижелері


      18. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Мемлекеттік қызмет сапасы мен қолжетімділігі көрсеткіштерінің мақсатты мәні қажеттілігі қарай балаларға қосымша білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.
^

5. Шағымдану тәртібі


      20. Осы стандарттың 4-қосымшасында мекенжайы көрсетілген аудандық және қалалық білім бөлімдері уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағымды дайындауға жәрдемдеседі.
      21. Шағымдар пошта арқылы жазбаша түрде немесе қолданыстағы заңнамада қарастырылған жағдайларда электронды түрде, не кеңсе арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағым беру барысында қажетті құжаттардың тізбесіне еркін үлгіде жазылған өтініш кіреді.
      Жұмыс және қосымша білім беру ұйымдары мен бөлімдер басшыларының қабылдау кестесі белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес айқындалады.
      22. Мемлекеттік қызмет сапасыз ұсынылған және дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда шағым осы стандарттың 4-қосымшасында мекенжайы көрсетілген тиісті жергілікті атқарушы органдардың білім бөлімдеріне жолданады.
      23. Мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      24. Жоғары тұрған органдарға шағым жолдау үшін мемлекеттік қызметті алушының еркін үлгіде өз қолымен жазған арызы беріледі.
      Қажет болған жағдайда мемлекеттік қызметті алушы арызға сапасыз қызмет көрсетілгенін растайтын құжаттарды қоса береді.
      25. Қабылданған шағымдар білім бөлімдерінің кіріс ақпараттар журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңындабелгіленген мерзімде қарастырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген, қабылдаған қызметкердің аты-жөні жазылған талон беріледі.
      Шағымды қарастыру нәтижесі туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

«Балаларға қосымша білім беру бойынша 
қосымша білім беру ұйымдарына      
балалардың құжаттарын қабылдау және   
оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет   
стандартына               
1-қосымша               
^

Қазақстан Республикасының балаларға қосымша білім беру
ұйымдарының желісі




Ұйымның атауы

Мекенжайы

Телефондары

1

2

3

4

Ақтөбе облысы

Ақтөбе қаласы 8 (7132)

1.

Қалалық жас натуралистер станциясы

Қонаев көшесі,3а

21-72-23

2.

Қалалық туристер станциясы

Жанқожа батыр көшесі,62

22-10-35, 21-27-01

e-mail: YunTur@mail.ru

3.

Қалалық техникалық шығармашылық орталығы

Новатор көшесі,7 (Авиагородок,5 б)

56-73-86, 55-35-02

e-mail: gztt@list.ru

4.

Қалалық Оқушылар сарайы

Әбілқайыр хан даңғылы,50

56-47-85, 56-00-28

56-00-23, 56-00-19

56-28-03, 56-47-85

e-mail: aktgdsh@rambler.ru

5.

Балалар көркемөнер лицейі

Әбілқайыр хан даңғылы,81

51-32-03, 52-38-67, 51-49-64

e-mail: ghl_aktobe_art@mail.ru

6.

Жас ұшқыштар мектебі

Абай даңғылы,24/1, 77 пәтер

56-49-37

e-mail: 09Kurbanov46@mail.ru

7.

№ 1 Балалар саз мектебі

Қарасай батыр көшесі,25

21-10-07, 22-04-22

e-mail: muzshkola1@mail.ru

8.

№ 2 Балалар саз мектебі

Есет батыр көшесі,34

50-06-15,50-94-90

т/ф.: 53-21-94

9.

№ 3 Балалар саз мектебі

Қарғалы ауылы Сәтбаев көшесі,72и

      1. 98-55-40

e-mail: detmuzshola@mail.ru

10.

Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы

Алтынсарин көшесі,24



21-15-92

22-22-47

11.

Қазанғап атындағы балалар өнер мектебі

101 атқыштар бригадасы көшесі,10а

95-39-57, 95-39-58, 95-39-56

51-28-35, 52-35-61

e-mail: kazangap@bk.ru

12.

Балалар шығармашылық үйі

Бөгенбай батыр көшесі,131б-65

77-90-83, 77-90-79

e-mail: ddyt.aktobe@mail.ru

13.

«Ақжелкен» аула клубы

Жұбановтар көшесі,290 2-корпус

95-36-70

«Балаларға қосымша білім беру бойынша 
қосымша білім беру ұйымдарына      
балалардың құжаттарын қабылдау және   
оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет   
стандартына               
2-қосымша               

^ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ МЕН
БАЛАНЫҢ АТА-АНАСЫ АРАСЫНДАҒЫ
ҮЛГІ ШАРТ

      ____________қаласы                   "___"___________ 20__ ж.

      Балаларға қосымша білім беру ұйымы ____________________________
____________________________________________________________________,
                              (атауы)
      Бұдан әрі ҚБҰ деп аталатын ____________________________________
атынан ҚБҰ Жарғысының негізінде әрекет ететін директор
_____________________________________________________________________
                    (тегі, аты, әкесінің аты)
бір жағынан және бұдан әрі __________________________________________
_____________________________________________________________________
           (баланың тегі, аты, әкесінің аты; туған жылы)
«Ата-анасы» деп аталатын анасы (әкесі, оларды алмастыратын тұлғалар)
_____________________________________________________________________
(анасының, әкесінің, оларды алмастыратын тұлғалардың тегі, аты,
                     әкесінің аты)
екінші жағынан, төмендегілер туралы осы шартты жасады:
      1. ҚБҰ міндеті:
      1.1. ________________________________________________ негізінде
                (қабылдау туралы құжаттың атауы)
баланы ____________________________ үйірмеcіне/секциясына тіркеу
              (атауы)
      1.2. Ақысыз білім беру қызметтерін қамтамасыз ету _____________
                                            (құрылтайшы, демеушілер
_____________________________________________________________________
      қаржысынан төленетін ақылы білім беру қызметі түрлерінің атауы)
ақылы білім беру қызметтері _________________________________________
                              (ата-ана қаржысынан төленетін
_____________________________________________________________________
                              қызмет түрлерінің атауы)
      оның шығармашылық қабілеттерін дамыту;
      балаға оның даму ерекшелігіне қарай жеке ықпал етуді жүзеге асыру;
      баланың эмоционалдық қолайлылығына қамқор болу.
      1.3. Баланы ___________________________________________________
             (бағдарлама атауы; бағдарламаны бекіткен органның атауы)
бағдарламасы бойынша оқыту.
      1.4. Баланың жас, жеке ерекшеліктеріне, білім бағдарламасының мазмұнына сәйкес оқу жұмысын ұйымдастыру.
      1.5. Баланы келесі жас ерекшелігі тобына ауыстыру
_____________________________________________________________________
                              (ауыстыру уақыты)
      1.6. Осы шартты орындау.
      2. "Ата-ана" міндетті:
      2.1. ҚБҰ Жарғысын және осы шартты орындау.
      2.2. ҚБҰ-ғабалаға қызмет көрсеткені үшін ____________ мерзімде
________________________________________________ сомада ақы төлеу.
      2.3. Баланы 16-жасқа толмаған басқа адамға сеніп тапсырмай, баланы тәрбиешіге өзі тапсыру және алып кету (немесе басқа жағдайлар).
      2.4. Баланы қосымша білім беру ұйымына ұқыпты күйінде; таза киім және аяқ киіммен алып келу
_____________________________________________________________________
      (баланың жергілікті; маусымдық; жас; жеке ерекшеліктеріне
_____________________________________________________________________
      қарай қосымша білім беру ұйымдарының басқа талаптары)
      2.5. ҚБҰ-ға баланың келе алмайтыны, оның ауырып қалғаны туралы хабарлау.
      2.6. Баланы оқытудың барлық бағыттары бойынша ҚБҰ-мен бірлесіп әрекет ету.
      2.7. ҚБҰ-ға Жарғылық міндеттерді іске асыру бойынша қолдан келетін көмек көрсету
_____________________________________________________________________
             (бала өмірін қорғау; сауықтыру; гигиеналық;
_____________________________________________________________________
                  мәдени-эстетикалық; экологиялық тәрбие;
_____________________________________________________________________
          Отбасы жағдайындағы түзету жұмыстары; басқалары)
      3. ҚБҰ-ның:
      3.1. ҚБҰ-да әрі қарай баруға кедергі болатын бала денсаулығының жай-күйі туралы медициналық қорытынды болған жағдайда баланы ҚБҰ-дан шығаруға;
      3.2. "Ата-ананың" өтініші бойынша ҚБҰ-да балаға қызмет көрсеткені үшін төлемдердің мерзімін ұзартуға;
      3.3. Баланы отбасында тәрбиелеу ісін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      3.4. "Ата-ана" өз міндеттерін жүйелі түрде орындамаған жағдайда, "Ата-ананы" алдын ала ______күн бұрын ескертіп, осы шартты бұзуға құқығы бар.
      4. "Ата-ананың":
      4.1. ҚБҰ Педагогтер кеңесі жұмыстарына кеңесші дауысы құқығымен қатысуға;
      4.2. балалармен жұмысты жақсарту және қосымша қызметтерді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізуге;
      4.3. ҚБҰ-да балалармен жұмыста қолданылатын білім беру бағдарламаларын таңдауға;
      4.4. ҚБҰ-да ұсынылатын қосымша қызметтер түрлерін таңдауға.
      4.5. ҚБҰ-да баланың бейімелу кезеңінде онымен _____ күн; _____ сағат; басқа жағдайларда ________________ бірге болуға;
      4.6. ҚБҰ-ға балаға қызмет көрсету үшін төлемақының мерзімін ұзарту; қосымша қызметтер үшін төлемақы жөнінде белгіленген мерзімінен _____ күн кешіктірмей өтініш білдіруге;
      4.7. ҚБҰ Жарғысы мен осы шарт міндеттерінің орындалуын талап етуге.
      4.8. Топтағы балалармен жұмыс жөнінде қосымша білім беру ұйымының директоры мен мұғалімдерінің есебін тыңдауға.
      4.9. Осы шартты бір жақты тәртіппен ҚБҰ-ны бұл жөнінде алдын ала ____ күн бұрын ескерту арқылы бұзуға құқығы бар.
      4.10. Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және екі жақтың келісуі бойынша мерзімі ұзартылуы; өзгертілуі; толықтырылуы мүмкін.
      5. Шартқа өзгерістер, толықтырулар қосымша нысанда енгізіледі.
      6. Тараптар міндеттердің тиісті деңгейде орындалуына немесе дұрыс орындалмауына жауапты. ________________________________________
                                (екі жақтың жауапкершіліктері)
      8. Шарттың қолданылу мерзімі: ________201_ ж бастап __________ дейін.
      9. Шарт екі данада жасалған:
      Бір данасы ҚБҰ-да баланың жеке құжатында, екіншісі - «Ата-анада» (оларды алмастыратын тұлғаларда).
      Осы Шартқа қол қойған тараптар:
      Қосымша білім беру ұйымы       Ата-ана: анасы (әкесі, оларды
      № ___________                    алмастыратын тұлғалар)
      Мекенжайы: _________________   _____________________________
      (индекс, қала, аудан, ауылдық    (тегі, аты, әкесінің аты)
         округ, көше, үй)
____________________________________  Мекенжайы: _________________
                                      Төлқұжат деректері: ________
__________________________________________________________________
                        жұмыс орны;
__________________________________________________________________
                        лауазымы;
__________________________________________________________________
                   үй, жұмыс телефоны)
Қолы ______________________ Қолы ______________________Мөр

«Балаларға қосымша білім беру бойынша 
қосымша білім беру ұйымдарына      
балалардың құжаттарын қабылдау және   
оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет   
стандартына               
3-қосымша               

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)










2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)










3. Қолжетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)










3.2. Ақпаратына электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)










4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)










«Балаларға қосымша білім беру бойынша 
қосымша білім беру ұйымдарына      
балалардың құжаттарын қабылдау және   
оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет   
стандартына               
4-қосымша               

«Қала (аудан) әкімдіктерінің білім бөлімдері» мемлекеттік
мекемелерінің тізімі

№ п/п

Бөлімдердің атауы

Орналасқан мекен-жайы

Байланыс телефондары




1

2

3

4




Ақтөбе облысы

1.

«Алға ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Алға қаласы, 4 мөлтекаудан, 7 «а» үй

8 (71337)318-76, 333-46, 541-95

2.

«Әйтеке би ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Комсомол ауылы, Жүргенов көшесі, 52

8 (713 39) 215-35, 216-80

3.

«Байғанин ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Байғанин ауылы, Қонаев көшесі, 36

8 (713 45) 225-56, 228-50

4.

«Ырғыз ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ырғыз ауылы, Әбілхайыр хан даңғылы, 52

8 (713 43) 213-77, 215-63

5.

«Қарғалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бадамша ауылы, Цыбульчик көшесі, 2

8 (713 42) 215-33, 230-02

6.

«Қобда ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қобда ауылы, Достық көшесі,53

8 (713 41) 215-33, 214-39

7.

«Мәртөк ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мәртөк ауылы, Сейфуллин көшесі, 36

8 (713 31) 216-33, 215-49

8.

«Мұғалжар ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қандыағаш қаласы Гагарин көшесі,6

8 (713 33) 362-01, 367-22

9.

«Темір ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шұбарқұды ауылы,Киреев көшесі, 4

8 (713 46) 227-48, 227-84

10.

«Ойыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ойыл ауылы, Жолмырзаев көшесі, 3

8 (713 32) 217-44, 217-32

11.

«Хромтау ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Хромтау қаласы, Спортивный бұрылысы, 2

8 (713 36) 216-51, 216-52

12.

«Шалқар ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шалқар қаласы, Көтібар ұлы көшесі, 84

8 (713 35) 213-36, 231-93

13.

«Ақтөбе қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіе»

Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі, 2

8 (7132) 211605, 211580