microbik.ru
1

Балалы отбасылардың назарына!
1.Баланың туылуына байланысты жәрдемақы 15 АЕК. Барлық отбасыларға отбасының табысын есепке алмай тағайындалады.

Мына мекен-жайда орналасқан МЗТО келуге болады: Жамбыл көш, 2 үй,

тел. 42-58-35

Келген уақыты баланы туылған күнінен бастап 12 айдан аспауы тиіс.

2. 1 жасқа дейінгі баланы күтімі бойынша жәрдемақы. Отбасының табысын есепке алмай-ақ, барлық отбасыларға тағайындалады.

3. 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақы. Жан басына шаққандағы орташа айлық кірісі азық-түлік себетінің құнынан төмен барлық отбасыларына тағайындалады, мұнда еңбекке қабілетті ата-аналар 3 жасқа дейінгі балалар, 1 және 2 топтағы мүгедектердің, мүгедек балалардың, 80 жастан асқан тұлғалардың күтімімен айналысқан жағдайларды есептемегенде, жұмыс істеуі керек. Жәрдемақы келген уақыттан бастап 1 АЕК – 1092 теңге көлемінде тоқсанға тағайындалады.