microbik.ru
1

Көрмені қалай безендіруге болады?


Кітап көрмесі - белгілі бір мақсатта арнайы іріктеліп, жүйеленіп оқырмандардың оқып танысуы үшін ұсынылатын әдебиеттер жиынтығы. Көрме көпшілік іс-шаралардың көрнекілік насихаттау түріне жатады. Кітап көрмесін ұйымдастыру барысында көрнекілік принциптері негізге алына отырып, кітапханалық, библиографиялық, фактографиялық жұмыстар бір мезетте бірдей атқарылады. Біріншіден, белгілі бір мәселеге назар аударылады. Екіншіден, қор ашылады. Үшіншіден, баспа өнімі көрсетіледі және ұсынылады.

Көрме — қоғамдық, мәдени, ғылыми құбылыс. Көрме — жауапкершілігі мол шығармашылық жұмыс. Көрме арқылы ұйымдастырушының өмірге көзқарасы танылады, кітапханашыны басқа адаммен байланыс-тырады және өзіңе, айналаңа сүйіспеншілікпен қарауға үйретеді.

Көрме — оқырманға ақпаратты жеткізу құралы. Сондықтан көрмені тұтынушы ыңғайсыздық сезбейтіндей етіп жабдықтау кажет. Көрменің бүгінгі күн тақырыбына сай өзекті болуы және дер кезінде ұйымдастырылуы оның тиімділігін арттырады.

Ақпараттың 80 пайызын адам көзбен қабылдайды. Көрнекілікке кітапхана қызметінде әрқашан да үлкен мән берген. Кітапханашылар көрмелер тек қана интерьердің бөлшегі болмасын,  қорларға назар аударуға көмектессін деп, ең жақсысын ұсынып, оқырмандардың  көркем талғамын тәрбиелесін деп тырысады.

      Кітапша-иллюстрациялық көрмелер –  қордың көпшілікке тарату және әшкерлеудің творчестволық ашық жолдың мүмкіндігін беретін  дәстүрлі және қолайлы жұмыстың түрі.

      Көрмелік жұмыс – бұл жоспарлау, безендіру, көрменің өткізілуі мен қорытындысын шығаруын қоса санағанда   көрмелерді ұйымдастыру бойынша қызмет. Көрме өте биік, ғылыми деңгейде жасалынуы керек. Ол үшін ұйымдастырушы тақырыпты терең меңгеруі тиіс.

Жалпы көрмелерді белгілі бір жүйеге түсірудің негізгі белгілері:

- Статусына қарай: дербес немесе белгілі бір шараға байланысты ұйымдастырылатын көрмелер;

- Мазмұнына қарай: универсал — әмбебап, салалық;

- Конструкциялық құрылымына қарай: витриналық, полка ішілік, қозғалмалы, т.б.

- Өткізілу негізіне қарай: кітапханашының ұсынысы бойынша, окырмандар сұранысына орай ұйымдастырылатын көрмелер;

- Қызмет ету уақытына қарай: тұрақты, ұзақ, қысқа мерзімді, белгілі бір уақытқа дейін өз маңызын жоймайтын көрмелер;

- Баспа өнімінің түріне қарай: кітап көрмесі, газет-журналдар, комплексті, СД-РОМ-дар көрмесі, т.б.
      Келесі кезеңдерден тұратын кітап көрменің өндеудің және жасаудың айқын тәртібі бар:

  1. Тақырып таңдау;

  2. Мақсаты және міндетін анықтау;

  3. Құжаттарды табу және іріктеу;

  4. Кітап көрмесінің құрылымын өңдеу;

  5. Кітап көрмесін дайындау;

  6. Кітап көрмесін безендіру;

  7. Кітап көрмесінің жарнамасы;

  8. Кітап көрмесінің нәтижелілігін саралау.




  1. Тақырып таңдау: Тақырып мұқият ойластырылған, оқырмандарға қызық және өзекті (маңызды) болуы қажет.

  2. Көрменің мақсаты мен кімге арналғанын анықтау: Тақырыпты дұрыс айқындау қажет, демек көрме кімдерге арналғанын: студенттер үшін бе, мамандарға арналған ба, әйелдерге ме, ата-аналар үшін бе, көпшілік оқырмандарға ма?

  3. Құжаттарды табу және іріктеу: Алдымен АБА (Анықтамалық библиографиялық ақпарат) бойынша: каталогтар мен картотекалар бойынша, сөздіктер мен энциклопедияларды, анықтамалықтарды, әдістемелік ұсыныстарды, құралдарды, библиографиялық көрсеткіштерді қолдану арқылы барлық дереккөздер мен құжаттарды – кітапханада берілген тақырып бойынша бар кітаптар, мерзімді басылымдардан алынған мақалалар, аудиовидеомағлұматтар және т.б. Сосын қордағы айқындалған құжаттарды қарап, терiп алу қажет, демек олармен танысып, қойылған мақсатымыз бен міндетімізге сай келетіндерін теріп алу керек. Әрине, материалдар арасынан мәліметі жаңасын және сырт пішінінің тартымдысын таңдаймыз.

  4. ^ Кітап көрмесінің құрылымын өңдеу:   Кітапхана көрмесінің құрылымын өндеу әрқашан да қиындық туғызады. Дәл осы кезеңде кітапханашыда көптеген сұрақтар пайда болады. Қанша бөлімнен тұрады? Әрқашан дәйексөз (цитата) қажет пе, оқырманмен байланыс (обращение), көрменің атауын қалай дұрыс таңдау керек? Көрмеде кітаптардың саны қанша болуы қажет? Бұл сұраққа нақтылы цифр  жоқ та болу мүмкін емес те. Бұл көп факторларға тәуелді, соның ішінде қордың мөлшерінен, көрменің түрінен, орналасқан жерінен, көрмелік сөренің мөлшерінен.  Одан басқа, кітаптар, бөліктер саны, дәйексөз және түсініктеме мәтіндердің бар болуы сізге көрменің идеясы мен қисынын ойға салады.       Көрме бос сияқты көрінбейтін болсын, бірақ  көп артылғандық та болмау керек. Бұл кері нәтижеге апару мүмкін, сондықтан «аз болса да, жақсы болсын». Әрбiр құжат анық көрінуі керек.

  5. ^ Кітап көрмесін дайындау: Енді көрменің басқы аталуын дайындаймыз, сосын бөлімдерінің аталуын, дәйексөздер (цитата), иллюстрацияларын дайындаймыз.

Көрменің аталуы, міндетті түрде, оқырманның қызығушылығын тудыратындай белгілі бір тақырыпты тура ашып беруі тиіс. Ол ықшам болуы керек, 4-5 сөзден аспауы керек, көп жағдайда атау ретiнде нақыл сөздердi, қанатты сөйлемдерді, өлеңдер жолын, мақалдарды пайдаланады.

Кітап көрмесін безендіру қандай заттар мен аксессуарларды қолдануға болады? Әр түрлі көркем элементтер: портреттер, иллюстрациялар, плакаттар, суреттер репродукциясы, фотосурет, фототүсқағаздар, сәндiк элементтер, табиғи материалдар, кітаптарға арналған пікірлер, қысқа-шығармалар және т.б.

  1. ^ Кітап көрмесін безендіру: Егер жақсы ойластырылған көрме нашар безендірілсе, оқырмандар оған мән бермейді. Безендіру кітап көрмесі үшін аса маңызды, өйткені кітап көрмесі ең алдымен көпшілік іс-шаралардың көрнекілік насихаттау түріне жатады. Көрмеден оқырман кітапты тек көріп ғана қоймай, жақындап қолына ала алады. Көрмені безендіру кітапханалық дизайнның қызықты бағыттырының бірі. Ал дизайнның өз ережелері бар.

Кітаптардың форматына келсек бір-бірінен айырмашылықтары болады (үлкен, кіші, тысының (суреті бар, суреті жоқ) түсі бойынша (ашық, ашық емес) кітаптардың осы түрлерін оқырмандардың интенсивті көру әсерін алатындай етіп қолдану керек. Мысалы, түсіне қарай кітаптарды кезектестіріп қойған дұрыс, тысы ашық түсті кітаптың жанына тысы ашық емес түсті кітапты қойған абзал, сонда алдыңғы қойылған кітап кейінгі қойылған кітаптан ерекшеленіп тұрады. Журнал немесе жинақ материалдарын қою қиындық тудыруы мүмкін, сондықтан журналдың ұсынылған мақаласы бар беті ашылып, ал газет ұсынылған мақаласының атауы көрінетіндей етіп койылады.

Қандай да бір басылымның мақаласы екі түрде ұсынылады: кітапты жабық түрінде немесе қажет мақала басылған бетті ашып қойып және оған карточканы қыстырып қою қажет. Карточкада мақаланың библиографиялық жазбасы болу керек. Газеттің мыжылып, бүктелетініне және тақырыбының көрінбеуіне байланысты газетті көрмеге қойған ыңғайсыз. Сол себепті газеттің орнына оның көшірмесін қойып, көшірмесіне библиографиялық жазбасы бар карточканы қыстырып қою қажет.

Кітап көрмесіне таңдалған тақырып бойынша библиографиялық көрсеткіш немесе бибюлиографиялық құрал немесе ұсынылған әдебиеттердің тізімін қою қажет.

Сондай-ақ өлшем байланыстарын есепке алу қажет. Форматы үлкен және кіші кітаптарды кезектестіріп қойған дұрыс немесе үлкен кітаптарды сөренің ортасына қоюға болады. Бір кітаптың үстіне екінші кітапты қоюға болмайды, кітаптың тысы мен аты көрінбей қалады.

Ең маңызды, ең негізгі кітапты былай ерекшелеуге болады:

  • басқа кітаптардан ара қашықтығын кеңейту арқылы

  • сөреге тек сол кітапты қою арқылы

  • басқа кітаптарды жабық түрінде, ал ол кітапты ашып қою арқылы

  • (кітап тысының түсіне қарай) сөреге, демек кітаптың астына ақ немесе қара, немесе қызыл төсеніш төсеу арқылы.

Кітап көрмесінде түс таңдау да аса маңызды. Көрмеміз шұбар емес ашық болуы үшін үш түстен аспау қажет. Түстердiң қабылданған нақтылы үйлестерi болады: ақ түсі қызыл мен көктің үстінде, қара түс сары түспен, алтын түспен, күміс түспен үйлеседі.Түс адамның көңіл-күйін жақсартады, ал түстерді қабылдау адамның жасына байланысты. Жастар ашық түстер үйлестерін қалайды, ал үлкен кісілер байсалды түстерді қалайды.

Шрифт та көрменің мәтініне үйлесімді болуы тиіс. Мысалы, көрме ҰОС – на қатысты болса, қатаң шрифтіні таңдау керек, ал егер ауыз әдебиетіне қатысты болса, өрнектелген шрифтіні таңдау абзал. Осылай шрифт пен түсті таңдау тақырып сипатына бағынады.

    1. ^ Кітап көрмесінің жарнамасы: Оқырмандарға арналған плакат-хабарландырулар мен жеке шақырулар жарнаманың тиімді түріне жатады. Бұл жерде жарнамалық, қысқа, сыйымды мәтін құру маңызды. Ал жарнаманы БАҚ – жергілікті телерадио, газеттерге беру мүмкіндігі болса, тіпті де тамаша болатын еді.Кітапханашының оқырманмен жеке әңгімесіндегі ауызша жарнамасы да қажет. Оқырманның көрмеге назар аударуын сұрауда ұялудың қажеті жоқ, кітап көрмесінің алдында бірнеше оқырманға қысқаша шолу жүргізуге болады, ең жақсы деген кітаптарға толық ұсынылатын шолу дайындау қажет. Кітап көрмесінің ең нәтижелі де ынталандыратын формасы, сонымен бірге күрделісі де – кітап көрмесінің премьерасы мен презентациясы.

    2. ^ Кітап көрмесінің нәтижелілігін саралау: Ең алдымен есеп жүргізу қажет, ол үшін күнделікті көрмеден берілген құжаттардың саны көрсетілетін Жұмыс Күнделігінде жеке графа болуы тиіс. Оқырманның көрмеден алған кiтап формулярына кiтапханашылар тиiстi белгiлер қоюлары қажет, көрмеге қойылған әр құжаттың қалташасына көрменің атымен түрлі-түсті индикатор-белгіні салып қою керек. Осылай, кітапханашы Жұмыс Күнделігі бойынша көрменің жұмыс істеп тұрған мерзімінде қанша құжат берілгенін анықтайды. Ұсынылған әдебиеттердің санын берілген әдебиеттердің санын салыстырып, нәтижелі коэффициентін шығаруға болады. «Кітап беру санын» ұсынылған әдебиеттер санына бөлсек, тиімділік коэфициенті шығады.