microbik.ru
1


Орал қаласының экономика

және бюджеттік жоспарлау бөлімі


ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ
ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ
НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ
АНЫҚТАМАЛЫҚ


Қаңтар-ақпан

2014 жыл

Ө
Орал қаласының экономикасы
НЕРКӘСІП


Кәсіпорындардың көтерме бағадағы өнім (жұмыс, қызмет) көлемі

млрд. теңге



Қызмет түрі бойынша тауарлы өнімнің құрылымы


Ө
^ Орал қаласының экономикасы
НЕРКӘСІП


2014 жылдың қаңтар-ақпан айларында өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемі 17,5млрд.теңге нақты көлем индексі 97,1% құрайды.

Өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 52,1%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау 43,2% тиесілі, сумен жабдықтау жүйесіне -4,4%, кен ­өндіру- 0,3%.

Өңдеу өнеркәсібінің есепті айына 9,1 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Өндірістің нақты көлемінің индексі алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,3% құрады.

Өңдеу өнеркәсібі өнімдері көлемінің өсуі:

-сусындар өндіру 2,7%, соның ішінде минералды және газдалған сусындар өндіруді енгізу есебінен 44,2%,

-тоқыма бұйымдарын өндіру 14,1%, соның ішінде көрпелер және жол жамылғылары 2,8%, төсек жаймаларын өндіру 5,4%,

-киім өндіру 8,9%, соның ішінде жұмыс киімдерін өндіруді 89,6% ұлғайту есебінен,

-химия өнеркәсібін 2 есе,

-резіңке және пластмасс бұйымдарды өндіру-2,7есе, пластмасса құбырлар, түтіктер, жеңдер мен шлангілер 5 есе ұлғаю есебінен,

-машина жасау 55,1%,

-өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндіру 117,8% кеміді, соның ішінде тауарлық бетон 37,2%, құрылыс ерітінділері 18,3% есебінен.

Электр қуатын, су мен газды өндіру және тарату кәсіпорындарында өндірілген өнім көлемі 7,6 млрд.теңге, ол өткен жыл деңгейінен 4,2%-ға төмен. Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау 0,8 млрд.теңгені құрап, ол былтырғы жыл деңгейінен 1% жоғары болып отыр.

Орал қаласы бойынша Индустрияландыру Картасы шеңберінде 4,3 млрд.теңгеге 3 жоба жоспарлануда, ол 375 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

А
Орал қаласының экономикасы


^ УЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ


бас.

Орал қаласының экономикасы


АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Қаланың аграрлық аграрлық секторында 34 ауыл шаруашылық құрылымдар бар, соның ішінде - 1 мемлекеттік кәсіпорын, 7 –жауапкершілігі шектеулі серіктестік және 26 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Ауыл шаруашылық құрылымдарының негізгі бағыты өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру болып табылады және соның 20,6%-ы қосымша мал шаруашылығымен айналысады.

Мал шаруашылық өнімдерін өндіру көлемі тұрғындардың шаруашылық үлесіне басым болып отыр. Мәселен, ағымдағы жылы ірі қара малын сату 54,6%, сүт өнімдерін өндіру 96,6% құрап отыр. Жұмыртқа өндіру көлемінің (99,4%) негізгі үлесті «Орал құс фабрикасы» ЖШС ауыл шаруашылық кәсіпорыны алады.

2014 жылдың қаңтар-ақпан айларында былтырғы жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда тауық жұмыртқаларын өндіру 8,2% (12536мың дана) өсіп, сүт өнімдері 5,8%-ға (521,3тонна), ет өнімдері 29,6%, (107,3 тонна) кеміді.

1наурызға ірі қара мал басы 4,4% кеміп, 3343 басты құрады, оның ішінде сиыр 1856 бас. Сонымен бірге қой 10,2%-ға (2672 бас), ешкі 15,9%-ға (985 бас), жылқы 18,3%-ға (213 бас), шошқа 2,6%-ға (1192 бас) және құс 13%-ға (360 687 мың бас) өсті.
^ К
Орал қаласының экономикасы

ӨЛІК


Орал қаласының көлік кешені мынадай көлік түрлерін ұсынады, ол автомобиль, өзен және әуе көлігі. Барлық тасымалдаудан негізгі үлесті 99% астамын автомобиль көлігі алады.

Қаланың жүк автомобиль көлігі 32 кәсіпорындарымен ұсынылады: «Эра» ӨК, «Авто» ӨК, «Амрита» ЖШС, «Оралавто»ЖШС, «Мөлшер»ЖШС, «Пластикавтотранс» ЖШС, «Uniserv» ЖШС, «Казавтотранс» АҚФ, «Avto-Trast-Contract» ЖШС, «Қазавтотранс-Батыс» ЖШС, «Трансагенство» ААҚ, «Автокомбинат» ЖШС, «Казросимпорттранс» ЖШС, «КК Орал-Камаз» ЖШС, «Дат-Көлік» ЖШС, «Темірат» ЖШС- олардың жүк тасымалдауының негізгі түрі құрылыс материалдары (құм, қиыршық тастар), дәнді дақылдар, комбикорм,тыңайтқыштар, газ және газ тәрізді материалдар және т.б. болып табылады.

Қоғамдық көлікте 7 тасымалдаушы-кәсіпорын 37 қала маршруты бойынша қызмет көрсетеді. Жол желісіне күніне 315 автобус және 187 шағын автобус шығады.

2014 жылдың қаңтар-ақпан айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қаланың барлық көлік түрлерімен тасымалданған жүк барлығы 9%-ға өсіп, 3776,9 тоннаны құрады, жолаушы тасымалдау көлемі 0,7%-ға (67 407,5 мың адам), жолаушы айналымы 7,6 %-ға (1200,7 млн.адам/ ш), жүк айналымы 7,7%-ға (150 млн.т/км) өсті.
Ш
Орал қаласының экономикасы
^ АҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ДАМУЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ




Ш
Орал қаласының экономикасы
АҒЫН КӘСІПКЕРЛІК

2014 жылдың жылдың 1 наурызына қаладағы есепті деректер бойынша 28950 шағын бизнес субъектісі тіркелген, (соның ішінде 4090 заңды тұлға, 24860 жеке кәсіпкерлер), олардың 25115 (2375 заңды тұлға, 22740 жеке кәсіпкер) қолданыста (86,7%), еңбек ететіндер саны 36531 адамды (10877 заңды тұлға, 25654 жеке тұлға) құрайды.

Былтырғы жылмен салыстырғанда тіркелген шаруашылық субъектілерінің саны 14,8%-ға өскен.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерімен 11,0 млрд. теңге сомасында өнімдер (жұмыстар, қызметтер) өндірілді. Өнім өндіру, жұмыстар мен қызметтердің жалпы көлемінде сауданың ең жоғары салмағы сақталады.

Салық комитетінің нақтыланған деректері бойынша 2014 жылдың қаңтар –ақпан айларында 448 куәлік берілді, тіркеу салымы 1 598,8 мың теңгені құрады.

Аталған кезеңге шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік бюджетке төленген салық көлемі 2 627,5млн.теңге, соның ішінде жергілікті бюджетке төленген салық көлемі 920,4 млн.теңге, яғни бюджетке түскен түсімнің 35%-ын құрап отыр.

2014 жылдың қаңтар-ақпан айында Ұлттық банкінің деректері бойынша екінші деңгейдегі банкілер арқылы шағын бизнес субъектілеріне 2070,2 млн. теңге несие берілді, оның ішінде қысқа мерзімге – 1280,0 млн. теңге, ұзақ мерзімге – 790,2 млн. теңге. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қысқа мерзімге берілген несиелер 23,5 пайызға, ұзақ мерзімге берілген несиелер 43,1 пайызға төмендеді.

2014 жылдың қаңтар айында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 50 (79,542 га) жер учаскелері бөлінді. Оның ішінде сатып алынғаны - 6 (0,265 га).

Сонымен қатар, 69 оңды қорытынды тұрғын үйлердің бірінші қабаттарын қайта жоспарлауға және жабдықтауға берілді, сондай-ақ 20 нысан қайта жоспарланып іске қосылды, сонын ішінде: 8 дүкен, 3 дәріхана, 7 кеңсе, 1 кафе және 1 шаштараз бар.


^ Орал қаласының экономикасы

м
лн.теңге




Орал қаласының экономикасы


САУДА

млн. теңге

Орал қаласының экономикасы


^ САУДА МЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫ
2014 жылдың қаңтар-ақпан айында жүзеге асырудың барлық каналдары бойынша бөлшек тауар айналымы 22 984,0 млн. теңгені құрады, келесі кезеңге сәйкес былтырғы жылдан 19% өскен.

Нарық айналымының тауар айналымы жалпы көлеміндегі бөлшек салмағы 42,4% немесе 9 735,6 млн. теңгені құрап отыр. Нарықсыз тауар айналымы көлемі 57,6% өсіп, 13 248,3 млн. теңгені құрап отыр.

Көтерме сауда айналымы көрсетілген мерзімде былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 37 565,0 млн. теңгені құрап, 6%-ға өскен.

Нарықтың тауар массасы жылдан жылға көбейіп жатыр, тауар ассортименті тұтынушыларға үлкеюін белгілеу керек. 2014 жылдың 1 наурызына тауар қалдықтарының көлемі: көтерме саудада – 9 899,2 млн. теңгені, бөлшек саудада – көрсетілген күніне 4 804,8 млн. теңге құрап отыр.

Тауар айналымының өсуі сауда кәсіпорындарының өсуімен, тұтыну тауарларының көбеюімен және халықтың табысының өсуімен қамтамасыз етіледі.

2014 жылдың 1 наурызында қалада 1531 дүкен мен сауда үйлері, 32 базар жұмыс істейді.

Халыққа қызмет көрсету саласы: қоғамдық тамақтандыру 402 объектілері, 244 шаштараз, киім тігу мен жөндеу бойынша 64 ателье, 215 авто шеберхана, 145 дәріхана, 48 автозаправкалық станциялар, аяқ киімді тігу мен жөндеу бойынша 57 шеберхана, 36 монша мен сауналар.


^ Орал қаласының экономикасы

Тауарлар мен қызмет көрсету бағаларының индекстері
Б
Орал қаласының экономикасы
АҒАЛАР

Батыс Қазақстан облысы статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес барлық тауарлар мен қызметтердің жалпы тұтыну құн индексі 2014 жылдың өткен айымен салыстарғанда 101,2%, өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 101,6% құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына тұтыну құн индексі 101,4% сәйкесінше 101,8% құрап отыр.

2014 жылдың ақпан айында облыстың тұтыну рыногындағы тауарлар мен қызметтердің бағасы 2013 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 1,6%-ға өсті.

Үстіміздегі жылдың ақпан айында азық–түлік тауарларының баға индексі 101,4% құрады, бұл алкогольсіз сусындар, шұжықтар және ет өнімдері 1%-ға, ірімшік, сүзбе, басқа да сүт өнімдері бағасы – 1,3%-ға, қант, джем, бал, шоколад және кондитерлік өнімдер– 3,8%-ға, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдері – 4,3-ға, жеміс және көкөніс – 9,8%-ға өсуімен белгіленген. Жұмыртқа бағасы - 15,3%-ға төмендеді.

Үстіміздегі жылдың ақпан айында азық-түлік емес тауарларының бағасы – 1,3%-ға өсті, сонымен бірге киім мен аяқ киім бағасы - 0,6%-ға, жеке күтімге арналған өзге де тауарлар – 1,4%-ға, жуғыш және тазалағыш құралдар – 1,6%-ға, фармацевтикалық өнімдер – 1,8%-ға, құрылыс материалы – 3,4%-ға, тұрмыс құралдары 3,9%-ға қымбаттады. Бензин 0,6%-ға өсті, дизель отыны 1,3%-ға төмендеді.

2014 жылдың ақпанында халыққа көрсетілген ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтер 0,8%-ға өсті, сонымен қатар газ тасымалдау және тарату жүйесі тарифтері – 9,3%-ға, пошта қызметі– 3,1%-ға, соның ішінде посылкаларды жіберу - 10,4%-ға көтерілді. Тұрғын үй үшін нақты жалға алу төлемі 3,5%-ға, қоғамдық тамақтану қызметі 6,1%-ға қымбаттады.

Батыс Қазақстан аймағының (Ақтөбе, Атырау, Ақтау) қалаларымен Орал қаласын саластырғанда 2014 жылдың 15 ақпанына 18 позициядан статистика органымен сарапталған азық-түлік тауарлар топтары ішінде 8 атауы бағасы кем болып тұр.

Н
Орал қаласының экономикасы
^ ЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯ


млн. теңге



И
Орал қаласының экономикасы
НВЕСТИЦИЯ

Есепті кезеңде негізгі капиталға тартылған қала инвестициясының көлемі 3595,1 млн. теңгені (алдыңғы жылға 132% құрады), соның ішінде: бюджет қаражаты – 1444,8 млн.теңге, ұйымдар мен кәсіпорындардың қаражаты – 1717 млн.теңге, қарыз қаражаты- 433,3 млн.теңге.

Шетел инвестиция арқылы 5 шағын ауданында теннистік корт салынуда.

Ұйымдар мен кәсіпорындардың қаражаты есебінен тауар бетонын өндіру жөніндегі қуаттар және тауар бетонын өндіру жөніндегі қуаттар пайдалануға берілді.

Одан басқа, жалпы алаңы 177 шаршы метр болатын 3 дүкендері, 2 қойма, 1 офис, 2 көлікжуғыш және кондитерлік цех іске қосылды.

Есепті кезеңге құрылыс жұмыстарының көлемі-1741,7 млн. теңге құрады, ол көрсеткіш 7 % былтырғы жылдың көлемінен артық.


^ Орал қаласының экономикасы


Есепті кезеңде тұрғын үй құрылысына 1545,5 млн. теңге бағытталды, соның ішінде: республикалық бюджет арқылы-477,8 млн теңге, жеке қаражат-1030,7 млн теңге(былтырғы жылға- 65% құрады).

Барлық қаржыландыру көздері есебінен алаңы 33479 шаршы метр 301 пәтер іске қосылды, былтырғы жылға-63,9%.

Тұрғын үйдің жалпы алаңының 1 шаршы метрінің орташа нақты құны 40,6 мың теңге құрады(былтырғы жылға 58%).

^ Орал қаласының экономикасы

БЮДЖЕТ ТАБЫСТАРЫ млн.теңге




Орал қаласының экономикасы

БЮДЖЕТ

2014 жылдың екі айының есебі бойынша қалалық бюджет түсімдерінің жиынтық жоспары 129,5% немесе жоспардағы 3609,2 млн.теңге, қалалық бюджетке 4 672,9 млн.теңге түсті немесе жоспардағыдан –1063,7 млн.теңге жоғары.

Осыған байланысты, салық базасы бойынша түсімдер, республикалық салықтар есебімен – 10 363,3 млн.теңге көлемінде, соның ішінде қалалық бюджетке түскені – 2616,7 млн.теңге, бұл контингенттің 25,3% құрайды.

Есепті жылдың жоспары бюджеттің меншікті салықтары мен жергілікті алымдарының түсімдері бойынша жоспар (ипотекалық кредит шеңберінде пәтер сатудан түскен түсімдерді есептемегенде) 126,5%-ға орындалды, немесе жоспардағы – 1700,5 млн.теңге қала қазынасына нақты түскені – 2150,7 млн.теңге.

Реттейтін салықтар бойынша жоспар 119,4% орындалды, немесе жоспардағы – 1309,6 млн.теңгенің қалалық бюджетке нақты түскені – 1563,6 млн.теңге немесе жоспардағыдан 254млн. теңгеге жоғары, соның ішінде жеке табыс салығы бойынша жоспар 110,9%, әлеуметтік салық бойынша -131,9% құрады.

ағымдағы жылы Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда реттейтін салықтар- 156%, жеке табыс салығы бойынша өсім -152,6%, әлеуметтік салықтар бойынша-160,5% құрап отыр.

Ағымдағы жылы түсімдердің өсімі реттейтін салықтар бойынша аударымдар нормативінің 9,7% өсуі, немесе 2013 жылғы 50,3% дан 2014 бекітілген 60% ға дейін байланысты болып отыр.

Сондықтан жергілікті салықтар мен алымдардың өсу қарқыны өткен жылдар деңгейіне қарағанда -112,5% құрады.

Жоғарыда көрсетілгеннен басқа, қалалық бюджеттің жалпы түсімдерінің құрамында республикалық бюджетке қайтарылуға жататын ипотекалық кредит шеңберінде пәтер сатудан түскен қаражат – 466 млн.теңгені құрайды.

2014 жылғы 1 наурыздағы толық алынбаған салықтың жалпы сомасы контингентте – 3 млрд. теңге, соның ішінде қалалық бюджет бойынша толық алынбаған салықтың сомасы- 379,4 млн. теңгені құрады.


Б
Орал қаласының экономикасы
^ ЮДЖЕТ ШЫҒЫНДАРЫ





Орал қаласының экономикасы

^ БЮДЖЕТ ШЫҒЫНДАРЫ
Есепті кезеңге қала бюджетінің шығыны 83% орындалды немесе жоспарланған 3 609 235 мың теңгеге нақты шығын төмендегі функционалдық шығындар бойынша 2 995 036,8 мың теңге құрады:

- жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге 45 729 мың теңге жоспарланса, одан 38 954,9 мың теңге немесе 85,2% игерілді;

- қорғаныс саласына 4 679 мың теңге жоспарланып, 93,5% немесе 4 374,3 мың теңге орындалды;

- қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызмет саласына 4 885 мың теңге жоспарланып, барлық сома немесе 100% орындалды;

- білім саласына есепті кезеңде жоспарланған 1 099 172 мың теңге сомадан 99,4% немесе 1 092 767,7 мың теңге игерілді;

- әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамту саласына 142 688 мың теңге жоспарланып, одан 99,6% немесе 142 112,1 мың теңге атқарылды;

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына бағытталған

2 126 605 мың теңгеден 1 574 517,3 мың теңге орындалды немесе 74%;

- мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке бағытталған

150 537 мың теңгеден 108 263,7 мың теңге орындалды немесе 71,9%;

- ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары саласына 6 210 мың теңге жоспарланып, оның 96%-ы игеріліп, 5 963,4 мың теңге құрады;

- өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне бағытталған 8 216 мың теңгеден 57,9% игеріліп, атқарылған сома 4 756,9 мың теңге құрады;

- көлiк және коммуникация бойынша 1500 мың теңгеден 32,2% игеріліп, атқарылған сома 482,3 мың теңге құрады;

- басқалар бойынша 19 014 мың теңгеден 94,5% игеріліп, атқарылған сома 17 959,2 мың теңге құрады.

Есепті кезеңге қала бюджетінің шығыны жылдық жоспарланған

21 656 454 мың теңге сомадан нақты шығын 2 995 036,8 мың теңге құрады немесе 13,8% орындалды.

Алдыңғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда бюджет шығынының құрылымында айтарлықтай өзгеріс болмады.

^ Орал қаласының экономикасы

ДЕМОГРАФИЯ

Қала халқының саны 278557 адамды немесе Батыс Қазақстан облысы халқының 45% құрайды.

Соңғы жылдары халықтың өсуінде тұрақты тенденциясы байқалады, тек 2003 жылдаң 2013 жылға дейін Орал қаласының халық саны 24% өсті.

Бұл жағдай халықтың табиғи өсуімен және ішкі миграциясы арқылы қалыптасқан.

Ауыл тұрғындары көбінесе тұрғылықты тұратын жерін Орал қаласының облыс орталықтарын таңдайды. Орал қаласының негізгі миграциялық селдердің донорлары жақын аудандар болып саналады: Казталов, Сырым, Теректі.

Ең белсенді мен сыртқы миграциялық айырбас бұрынғыдай Ақтөбе, Атырау, Алматы, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облысы және Алматы мен Астана қалалары арқылы жүзеге асырылып жатыр.

Есепті кезеңге АХАЖ органдарында 521 туылған нәресте тіркелген, былтырғы жылмен салыстырғанда- 5,6% азайды.

Өлгендер саны былтырғы жылмен салыстырғанда 6,9% көбейіп, ал бір жасқа дейін өлгендер балалар саны керсінше 14% азайып отыр.

Нәресте өлімінің негізгі себебі перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар болып отыр.

Сондықтан, халықтың табиғи өсімі 258 адам құрады, 2013 жылдың деңгейінен 15,7% азайып отыр.

Е
Орал қаласының экономикасы
^ ҢБЕК РЫНОГЫ


адам


Орал қаласының экономикасы

ЕҢБЕК РЫНОГЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕК АҚЫ
Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде қалалық жұмыспен қамту мәселелерімен уәкілетті органға жұмысқа орналастыру бойынша ^ 1725 адам өтініш жасаған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 4,3% азайды.

Тіркелген жұмыссыздар саны 1258 адамды құрайды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 26,8% азайғаны байқалады.

Есепті мерзімде ^ 246 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 51,9% көп.

Үстіміздегі жылдың есепті кезеңінде 252 жаңа жұмыс орындары құрылды (жоспар – 5122 орын). Оның ішінде сала бойынша: өндіріс саласында – 17, ауыл шаруашылығында – 33, көлік және байланыс саласында - 15, білім саласында - 30, саудада - 28, деңсаулық саласында - 28, коммуналдық шаруашылық саласында - 13, басқа салаларда – 20, уақытша маусымдық жұмыстарда - 68, былтырғы жылға қарағанда – 33% құрады.

Бір жұмысшының есепті кезеңінде орташа еңбек ақысы 82765 теңге құрады, былтырғы жылға 98,4% (аңықтама: ҚР бойынша-104654 теңге, облыс бойынша-94271 теңге).

Есепті кезеңде жалдамалы қызметкерлер еңбекақысының төмендеу келесі салаларда байқалады: өндеу өнеркәсібі саласында - 68661 теңге (былтырғы жылға-99,2%), құрылыс саласында-84028 теңге(73,5%), көлік саласында - 112054теңге (73,2%), қаржы және сақтандыру саласында- 111177 теңге (88,1%), білім саласында- 60969 теңге (99,6%), өнер, ойын-сауық және демалыс-52422 теңге(90%) және өзге де қызметтер түрлерін ұсыну -55193 теңге(80,5%).

Керсінше, кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу өскені көрінеді-91666 теңге(былтырғы жылға 113,4%), ақпарат және байланыс-97631 теңге(106,8%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар-76257 теңге(111,3%), деңсаулық сақтау-77181 теңге(104,5%).

Биылғы жылдың есепті кезеніне күнкөріс деңгейінің шамасы 15913 теңгені құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 5% өскені байқалады.

Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі